русский язык
ММА

OCTAGON 62 турниріндегі жартылай орта салмақтағы жекпе-жек нокаутпен аяқталды. Видео

OCTAGON 62 турниріндегі жартылай орта салмақтағы жекпе-жек нокаутпен аяқталды. Видео

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 62 турнирінде бастапқы кардтың кезекті жекпе-жегіөтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай орта салмақта 25 жастағы қазақстандық файтер Ислам Игенов (2-1) 28 жастағы отандасы Ержан Манарбекпен (3-2) кездесті.

Қарсыластар кездесуді сақтықпен бастап, раундтың бірінші жартысы бір-бірін зерттеумен өтті. Экватордан кейін файтерлер белсендірек болды, Игенов жасаған қатты соққысынан Манарбек құлады. Артынша 25 жастағы жезқазғандық спортшы екі ауыр соққы жасап үлгеріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Еске салайық, ко-мейн ивентте әзербайжандық Фарид Алибабазаде (12-7) қазақстандық Асқар Жақсылықовпен (5-1) жеңіл салмақтағы «уақытша» белбеу үшін күреседі.

OCTAGON 62 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы титул сарапқа салынады, онда қазақстандық файтерлер Константин Меркулов (5-3) және жеңілмеген Айбек Ахметов (3-0) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;