русский язык
Футзал

Біржан Оразов Тәжікстанға қарсы ойын туралы пікір білдірді

Біржан Оразов Тәжікстанға қарсы ойын туралы пікір білдірді
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Астанада өткен Тәжікстанға қарсы бірінші жолдастық матч туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Барша қазақстандықтарды жеңіспен құттықтаймын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Дайындықта физикаға көп назар аударғандықтан бүгінгі ойын қиынға соқты. Бірақ өз алаңымызда, өз жерімізде ешкімнен жеңілмеу керек екенін білеміз.

Жолдастық матч болғандықтан құрамды анықтау, ойыншылардың бір-бірімен түсінісуін арттырып, үйренісіп жатырмыз. Маңыздысы жеңіске жету емес, қандай төрттікпен ойнайтынымызды, қалай ойнайтынымызды анықтап алу болды. Команда әлі бабында емес. Алдағы жолдастық матчтардан кейін бабымызға келеміз деп ойлаймын.

Екінші жолдастық матч жеңілдеу болатын шығар. Десе де дайындық жұмысы ауыр өткендіктен жігіттер сәл шаршаңқы. Әлем чемпионатына үш аптадай бар. Осы уақытта ең маңыздысы бабымызға ену. Оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңінде физикалық жаттығуларға көп назар аударсақ, енді доппен көбірек жұмыс істеу, бір-бірімізге үйренісу жұмысы өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне ешқандай жарақатсыз, басымыз толық барса - бәрі керемет болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;