русский язык
Бокс

Қазақстан бокс федерациясы Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті

Қазақстан бокс федерациясы Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті

Қазақстан бокс федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде көптеген жарыстарда жүлде салған Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті деп хабарлайды Prosportskz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бокс федерациясы атап өткендей, танымал бапкерге қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңірген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», - деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Бокс федерациясы Париж Олимпиадасынан кейін қорытынды кеңес өткізіп, нәтижесінде ұйым бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілгенін атап өткен болатын.

Олардың қатарында бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;