русский язык
Футзал

Футзалдан қазақстандық төреші Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Футзалдан қазақстандық төреші Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Футзалдан қазақстандық төреші Нұрлыбек Қалимағанбетов Чемпиондар лигасында қызмет атқарады. Ақтаулық төреші Нұрлыбек Қалимағанбетов UEFA тарапынан Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі ойындарына төрешілік етуге шақырту алды.

Биыл 38 жастағы арбитр алғаш рет халықаралық дәрежедегі төреші болды. Енді оған алдағы уақытта халықаралық ойындарда қызмет атқаруға мүмкіндік туды.

Нұрлыбек Қалимағанбетов 21-24 тамыз аралығында Молдова астанасы Кишиневте өтетін G тобының матчтарында қызмет атқарады. Бұл топта «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина), «Маккаби» (Нетания, Израиль), «Джорджианс» (Грузия) және «Клик» (Молдова) ойындары болады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;