русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (13-0, 12 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 тамыз күні таңертең Дычко Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтетін ProBoxTV-тің бокс шоуына қатысады. Оның қарсыласы америкалық боксшы Крейг Льюис (15-7-1, 8 КО) болады.

Жекпе-жек алдында Иван Дычко 107,048 келі, Льюис 119,657 келіні көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Дычко кейнгі жекпе-жегін былтыр маусым айында Буэнос-Айресте (Аргентина) өткізіп, онда ол жергілікті боксшы Ариэль Бракамонтені (13-11, 7 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA Fedecaribe тұжырымы бойынша суперауыр салмақтағы титулды жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;