русский язык
Басқа

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шетелдік спортшыларды Қазақстан атпен қамтамасыз етеді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шетелдік спортшыларды Қазақстан атпен қамтамасыз етеді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаевтың айтуынша, шетелдік спортшыларды жарыс иесі ретінде Қазақстан атпен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Дирекция шетел спортшыларына ат үлестіреді. Тек көрші Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан спортшылары өз аттарымен келеді», - деді ол.

Яғни, көрші елдің спортшылары аттарын арнайы көлікке салып, ел шекарасын аттамақ. Шетелдік спортшылар өз аттарымен келмегендіктен жүлде ауылынан алыс қалады деуге келмес. Оларға еліміздегі үздік аттар ұсынылмақ. Жалпы, батырға оң-солы бәрібір демекші, аударыспақ сияқты спорт түрлерінде аттан гөрі спортшының дайындығы маңызды екені анық.

Әуе компанияларына хабарласқанымызда, барлығы жануарларды тасымалдауға арналған ережені ұсынды. Мәселен, SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, жануарлар мен құстар тасымалдауға әуе компанияның келісілген келісімі және халықаралық рейстер үшін келу немесе транзит арқылы әкелуге рұқсаты болған жағдайда ғана қабылданады.

«Құстарды тасымалдау кезінде тор жарық өткізбейтін материалмен жабылуы тиіс. Тасымалды брондау кезінде жолаушы тасымалданатын жануардың немесе құстың түрін, санын және салмағын хабарлауы керек. Жануарлар тіркелген жүк ретінде әуе кемесінің оқшауланған жүгінде ғана тасымалданады. Жануарларды жүк бөліктерінде тасымалдау кезінде жануарлардың салмағы тегін жүк алып жүру нормасына енгізілмейді және контейнердің (тордың) салмағын ескере отырып, арнайы жүк тарифі бойынша төленеді. Жүк ретінде ұшақта жануарларды тасымалдау төлемі жүк тарифтері бойынша жүргізіледі», - дейді SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Жүк ретінде ірі үй малы, жабайы, тұяқты жануарлар, аралар және балық отырғызу материалдары тасымалдауға қабылданбайды екен. Жануарларды тасымалдау құны Қазақстан бойынша салмағына қарай 5000-25000 аралығында екенін атап өткен жөн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;