русский язык
ММА

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC-ден кетуінің себебін айтты

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC-ден кетуінің себебін айтты

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC-ден кетуінің негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап

«Мен өзім үшін үзіліс алдым. Неге? Мен UFC-де өнер көрсеттім, егер барлық спортшылар Олимпиадаға қатысуды армандаса, ал аралас жекпе-жектегі ең жоғарғы шың – UFC. Одан жоғары ештеңе жоқ деп санайды. Бірақ мен бұл бес жеңіс сериясынан кейін аз ақша тапқанымды түсіндім. Топ-15-ке кіре отырып, сол бес жекпе-жекте көп пайда көрмедім. Сол кезде ойлана бастадым. Сен табыс тауып, отбасыңа беруің қажет, ал үлкен бөлігін дайындыққа, спорттық қоспаларға, жаттықтырушыларға жұмсауың керек. Мен не істеу керегін түсіндім: демеушілер табу керек болды, бірақ оған уақыт жетпеді. Мен тек титулға жетуді көздедеім», - деді Дамир Исмағұлов Youtube желісіндегі "BAZA PODACAST" арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Дамир Исмағұлов UFC-дегі мансабын аяқтау туралы шешім қабылдаған кезде, ол жеңіл салмақ дивизионында топ-15 файтердің қатарында болатын. Қазақстандық файтер UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, 5 рет жеңіске жетсе, 2 рет жеңіліс тапқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;