русский язык
Басқа

Семсерлесуден ұлттық құрама әлем чемпионатына дайындалуда

Семсерлесуден ұлттық құрама әлем чемпионатына дайындалуда

Семсерлесуден мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов Париж Олимпиадасын қорытындылап, команданың алдағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Олимпиада аяқталғанымен, біздің жарыстарымыз біткен жоқ. Қазір спортшыларымыз алдағы бәсекелерге дайындалып жатыр. Оның ішінде, әлем чемпионаты да бар. Біздің құрама командалық рейтингте 5-орында тұр. Сондықтан, әлем чемпионатынан жекелей және командалық сында жүлде алсақ деген мақсатымыз бар.

Осы орайда, команданың ең тәжірибелі ойыншысы Эльмир Алимжановтың көмегі көп болары анық. Сондықтан, ол мансабын аяқтамайды, құрамада қалады. 2026 жылы Жапонияда Азия ойындары өтеді. Сол кезге дейін Алимжанов бабында болады деп сенемін.

Париж Олимпиадасының қорытындысын жақсы деп есептеймін. Командалық сында алғаш рет жарысқа қатысып, 6-орын алдық. Бұрын мұндай көрсеткіш болған емес.

Жекелей сында Руслан Курбанов алғашқы алтылыққа енді. Әрине, бәріміз де медаль болса деп үміттендік. Бірақ Курбановтың жеребесі ауыр түсті. Бір Олимпиада чемпионын жеңгенімен, тағы бір Олимпиада чемпионына жол берді.

Эльмир Алимжанов қазіргі Еуропа чемпионын ұтты. Вадим Шарлаимов Олимпиада чемпионы Янник Боррельге айтарлықтай қауіп төндіріп, аз ғана ұпай айырмашылығымен жеңілді.

Енді спортшыларымыз алдағы ірі додаларға дайындалады», - деді Байтасов.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы өнер көрсеткен болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;