русский язык
Хоккей

Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы дайындығын жалғастырады

Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы дайындығын жалғастырады

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы олимпиадалық іріктеу кезеңіне дайындықты одан ары жалғастырады. Құрама 20-22 тамыз аралығында елордадағы «Барыс-аренада» оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап

Қазақстандық хоккейшілер 23 тамызда Чехияға аттанады. 25 тамызда Хомутов қаласында жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізеді.

Ал, 27 тамызда ел құрамасы Братислава қаласына аттанып, 29-тамызда алғашқы ойында Венгриямен шеберлік байқасады.

Словакияның «Слован» командасының қақпашысы Андрей Шутов құрама сапына жарыс басталар алдында қосылады.

Бүгін, 20 тамызда ҚХЛ-да ойнайтын хоккейшілер құрама сапын толықтырады. Олардың қатарында Никита Михайлис, Валерий Орехов, Евгений Рымарев, Аркадий Шестаков және Леонид Метальников бар.

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер финалдық олимпиадалық іріктеу ойындарында Словакияның Братислава қаласында 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Аустрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен ойнайды.

Еске салсақ, шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогында Қазақстан олимпиадалық құрамасы екінші орын алды.

Түпнұсқасы: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;