русский язык
Бокс

Қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдын Ельжанов АҚШ-та, Лонг-Бичте (Калифорния) өткен бокс кеші аясында өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Ельжановтың қарсыласы жеңіліп көрмеген жергілікті боксшы Маликай Джонсон болды.

Жартылай еңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа созылып, төрешілер шешімімен Джонсон жеңіске жетті.

Осылайша, Айдын Ельжанов кәсіпқойда үшінші рет жеңіліске ұшырады. Ельжановтың еншісінде алты жеңіс пен бір тең жекпе-жегі бар. Маликай Джонсон 13-жекпе-жегінде жеңіске жетті (сегіз жеңіс мерзімінен бұрын) жеңіліссіз және бір тең жекпе-жегі бар.

Айта кетейік, бұл Ельжановтың 2023 жылдың тамызынан бергі алғашқы жекпе-жегі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;