русский язык
Басқа

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға көлік сыйға тартылды (видео)

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға көлік сыйға тартылды (видео)

Шығыс Қазақстан облысында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға су жаңа көлік табыс етілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сілтеме жасап.

"Біздің Өскемен" cайтының мәліметінше, ШҚО әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан ХХII халықтық спорт ойындарының ашылу салтанатында облыс басшылығы Қазақстан спортына қосқан үлкен тарихи үлесі үшін Ольга Рыпаковаға су жаңа автомобиль сыйлаған.

Спорттық шараның ашылу салтанаты Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өткен. Айта кетейік, Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында күміс, 2012 жылы Лондонда алтын, 2016 жылы Риода қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол жабық кешендегі әлем чемпионатының жеңімпазы (2010). Қазақстандық спортшы 2023 жылы 38 жасында үлкен спортпен қош айтысқан болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от “Біздің Өскемен” (@bizdin_oskemen)


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;