русский язык
Басқа

Париж Олимпиадасына қатысқан Әмір Закиров жүрек тебірентер мәлімдеме жасады

Париж Олимпиадасына қатысқан Әмір Закиров жүрек тебірентер мәлімдеме жасады

Париж Олимпиадасында брейкингтен өнер көрсеткен Әмір Закиров жейдесіндегі бейнеленген суреттің тарихы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz

«2019 жылы 11 желтоқсанда балалық шағым өткен үйде өрт болды. Атам шырт ұйқыда жатқанда қайтыс болды. Әкем 13 күннен кейін ауруханада көз жұмды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған.

Бұл фотоны 4 жылдан кейін өрт болған үйге кіруге батылым жеткенде түсіріп, кейін жейдеме сол бейнені салғыздым.

Әкем жақсы әке болды деп айта алмаймын. Оның қателіктерінен бала кезімде тым көп қиындықтарды бастан өткердім және менің биім де сол жайлы.

Мен сені кешіремін, әке.

Бұдан былай ойым да, шығармашылығым да шарықтай түседі», – деп жазды Әмір өзінің instagram парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;