русский язык

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасының қыркүйекте өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz

Оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйекте Алматыда басталады. Жалпы тізімге 36 футболшы енді. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді.

6 қыркүйекте Алматыда Норвегияны қабылдайды. Ойын 19:00-ге жоспарланған. Ал 9 қыркүйекте Словенияға қонаққа барады. Ойын Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;