русский язык
Теннис

Үстел теннисінен Қазақстан кубогінің иегерлері белгілі болды

Үстел теннисінен Қазақстан кубогінің иегерлері белгілі болды

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан кубогі бәсекесі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы финалда Алматы командасы Шымкентті 3:0 есебімен жеңіп, ел кубогінің иегері атанды.

1. Алматы (Дастан және Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Абдулла Мамай, Ши Данян)

2. Шымкент (Ирисбек Артықметов, Бекұлан Жамал, Бақдәулет Әкімәлі)

3. ШҚО (Денис Жолудев, Сағантай Құрмамбаев, Темірлан Жиенбаев, Арнұр Оралханов).

Әйелдер арасындағы ақтық сында Қарағанды облысы Алматы қаласының командасынан 3:1 есебімен басым түсті.

1. Қарағанды облысы(Зәуреш Ақашева, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова, Виктория Мочалкина)

2. Алматы (Сарвиноз Миркадирова, Анель Бахыт, Айя Әлімбаева, Гузель Торшаева, Айша Меңдіғалиева)

3. Астана (Малика Сандыбаева, Алиса Цвигун, Елизавета Лаврова, Алтынай Ержанқызы).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;