русский язык
Бокс

Головкинге жекпе-жек бойынша ұсыныс түсті

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинге бірінші орта салмақтағы WBA және WBO титулының иегері Теренс Кроуфордпен жекпе-жек ұсынды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Головкин cоңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль Альвареспен кездескен еді. Сол кезде Геннадий төрешілер шешімімен жеңілді. Головкиннің еншісінде 42 жеңіс (37 нокаут), бір тең есеп және қос жеңіліс бар.

Кроуфорд болса соңғы рет 4 тамыз күні Лос-Анджелесте (АҚШ) Исраил Мадримовтан басым түскен. Теренс өз мансабында 41 жеңіске жеткен, оның ішінде 31 нокаут.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;