русский язык
Теннис

US Open іріктеу турнирінде 6 қазақстандық теннисші бақ сынайды

US Open іріктеу турнирінде 6 қазақстандық теннисші бақ сынайды

Бүгін Нью-Йорк қаласында теннистен АҚШ ашық чемпионатының іріктеу турнирі басталады. Ерлер арасында іріктеу сайысында Қазақстаннан 5 теннисші бақ сынайды.

Әлемнің 121-ракеткасы, 36 жастағы Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 142-орында тұрған аргентиналық Марко Трунгеллитимен жолы түйіседі. Әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев рейтингіде 215-сатыдағы эквадорлық Альваро Гильен Месамен ойнайды.

Рейтингіде 187-орындағы Дмитрий Попко әлемнің 96-ракеткасы, тағы бір аргентиналық Тьяго Агустин Тирантеден өтуге тырысып көреді.

Тимофей Скатовтың (№192) да қарсыласы аргентиналық, Факундо Багнис (№129).

Бейбіт Жұқаев (№218) швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (№205) шеберлік байқасады.

Әйелдер арасында рейтингіде 580-орындағы Зарина Дияс қытайлық, әлемнің 209-ракеткасы Есинь Мамен кездеседі.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;