русский язык
Хоккей

Президент кубогы: Қазақстан — «Амур» матчының тікелей трансляциясы

Президент кубогы: Қазақстан — «Амур» матчының тікелей трансляциясы

14-18 тамыз аралығында Астанада хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы XIII халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирге Астана «Барысы», Хабаровск «Амуры», Толятти «Ладасы» және Олимпиадалық іріктеудің соңғы кезеңіне дайындалып жатқан Қазақстан құрамасы қатысады.

17 тамызда өтетін келесі ойында Қазақстан құрамасы «Амурға» қарсы ойнайды. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Дәл осы күні «Барыс» «Ладамен» кездеседі. «Qazsport» арнасында тікелей эфир сағат 17:00-ге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;