русский язык
Теннис

Жібек Құламбаева Сербияда сенсация жасап, жартылай финалға шықты

Жібек Құламбаева Сербияда сенсация жасап, жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жібек ширек финалда әлемнің 249-інші, жарыстың 2-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукасты жолдан тайдырды.

Матчты Лукас қарқынды бастады – 6:1. Бірақ бұдан кейін Құламбаева азулы қарсыласына тісін батырып, камбэк жасай білді – 7:5, 6:4.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 35 минутқа созылды.

Осылайша, сенсация жасаған Жібек Құламбаева финалға шығу үшін әлемнің 350-ракеткасы, сербиялық Лола Радивоевичпен таласады.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде бірден 371-орынға көтеріліп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;