русский язык
Әлем футболы

33 жастағы Тиаго Алькантара «Барселонаның» бапкерлік құрамынан кетті

33 жастағы Тиаго Алькантара «Барселонаның» бапкерлік құрамынан кетті

«Барселона» футбол клубының бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің жаттықтырушылық құрамынан Тиаго Алькантара кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барселонаның» U-16 құрамының бұрынғы жаттықтырушысы Арнау Бланко Тиаго Алькантараның орнына бас бапкер Ханси Фликтің ассистенті болып тағайындалды.

Арнау Бланко бұған дейін «Барселона» футбол клубының жастар құрамында 11 маусым бойы қызмет еткен. Ал Тиаго Алькантара бас бапкердің ассистенті қызметіне биылғы жылдың 17 шілдеде тағайындалған болатын.

Айта кетейік, Тиаго Алькантара «Барселонаның» негізгі құрамында 2008-2013 жылдары өнер көрсеткен. Ал «Бавария» клубының сапында 2013 жылы УЕФА Чемпиондар лигасын, 7 рет Германия чемпионатын, 4 рет Германия кубогын және 3 рет Германия суперкубогын жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;