русский язык
ММА

Хабиб Нурмагомедов қарыздарынан құтылды

Хабиб Нурмагомедов қарыздарынан құтылды

Хабиб Нурмагомедов қарыздарынан құтылды, деп хабарлайды Prosports.kz

Хабиб Ресей федералдық салық қызметіне 297 миллион рубль қарыз болуына байланысты есепшоттары мен қайырымдылық қорының есепшоты бірге бұғатталған еді. Атақты дағыстандық спортшы салық қызметіне 302 миллион рубль төлеп, қарызынан толық құтылды.

«Расымен де Хабиб Нурмагомедовке қатысты тергеу жүргізілді. Осы уақыт ішінде біз Федералдық салық қызметімен сындарлы жұмыс жүргіздік, барлық қажетті құжаттарды белгіленген тәртіпте, жоғары тұрған салық органына шағыммен қамтамасыз еттік, ол барлығын тексеріп, дәлелдерімізді қабылдады. Бізде құқықтық нормаларды түсіндіру тұрғысынан алғанда, шамамен 26 миллион рубль мөлшеріндегі салық туралы күрделі сұрақ туындады. Заңгерлер мен салық органының пікірі екіге жарылды, бірақ тағы да сындарлы жұмыстардың арқасында және құзырлы салық органының тексеруінен кейін біз жоғарыда аталған соманы барлық айыппұлдармен белгіленген тәртіпте төледік. Бізде ешқашан салықты төлемеу немесе жалтару оқиғасы болған емес. Заңмен белгіленген соманы ақыры төлеу үшін салық органының шешімін шыдамдылықпен күттік. Жағдай шын мәнінде кез келген азаматтың басынан өтуі мүмкін. Бірақ, өкінішке қарай, бұл оқиға бүкіл әлемді шулатты», – деді UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Ризван Магомедов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;