русский язык
Теннис

Құламбаева Сербияда қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, ширек финалға шықты

Құламбаева Сербияда қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы, 24 жастағы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің ширек финалына жолдама алды

Көкшетаудың «Оқжетпесі» футболдан Бірінші лиганың ХХ турында Жезқазғанның «Ұлытау» командасына есе жіберіп, он турға созылған жеңіс сериясын тоқтатуға мәжбүр болды.

Қазір турнир кестесінде «Оқжетпес» өзгелерден оқ бойы озық тұр. Премьер-лига жолдамасына қол жеткізуге жақындап келеді.

Ал, «Ұлытау» соңғы турларда жақсы көрсеткішімен көзге түсе бастады. Нәтижесінде үздік үштіктегі командаларға жақындады.

Кездесу барысында 6-минутта жезқазғандық клубтан Абзал Таубай есеп ашса, 35-минутта Демият Сламбеков есепті үстемелей түсті.

Осылайша «Оқжетпес» қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберіп, он тур бойы жеңіс сериясынан кейін үш ұпайды жоғалтуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ бүгін Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Түркістанды» 3:1 есебімен тізе бүктірсе, Өскеменнің «Алтайы» «Таразды» 2:1 есебімен жеңді.

Енді 16 тамызда «Ақтөбе-2» мен «Хан тәңірі» (Алматы), «SD Family» (Астана) мен «Каспий» (Ақтау), «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Арыс» (Түркістан облысы) пен «Қайсар-2» (Қызылорда) командалары кездеседі.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 431-орында тұрған франциялық Сара Цакаревичпен бетпе-бет келді.

Жібек қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен айқын басымдылықпен жеңді. Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Құламбаева бәсеке барысында 8 брейкке қол жеткізді.

Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің – 249, осы жарыстың 2-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукаспен таласады.

Қазақстандық теннисші қазірдің өзінде WTA Live рейтингісінде ТОП-400-ге кіріп, 398-орынға көтеріліп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;