русский язык
Басқа

Астанада көкпар мен көкбөріден халықаралық жарыс өтеді

Астанада көкпар мен көкбөріден халықаралық жарыс өтеді

Қазақстандық көкпаршылар Алматы облысында көкпар және көкбөрі ойындары бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қазір спортшыларымыздың дайындықтары жақсы. Басты қарсылас ретінде Қырғызстан мен Өзбекстанды айтар едім. Көкпардан жеңетінімізге сенімдіміз, ал көкбөрі ойынынан мүмкіндіктеріміз тең дәрежеде. Біраз жылдан бері көкбөрі ойнаған жоқпыз. Десе де жеңу үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз», – деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев.

Қазір оқу-жаттығу жиындары туризм және спорт министрлігінің ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Көкпардан ұлттық құрама мүшесі Наурызбай Қалтаев көкпар мен көкбөрінің айырмашылығын айтып берді.

«5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындығымыз жоғары деңгейде. Екі спорттың айырмашылығы тайм санында – көкбөріде үш тайм ойналады, ал көкпарда – екеу. Көкбөріде қазандыққа, ал көкпар жерге сызылған шеңберде ойналады», – деді Наурызбай Қалтаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;