Қазақстандық теннисші АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты
![Қазақстандық теннисші АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/201736_65ecaf07411e0219a3e0f72b7709153d.png?v=28729579)
Қазақстандық Юлия Путинцева Цинциннатиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жұптық сынында екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге М.Като (Жапония) / А.Сутжиади (Индонезия) жұбын 7:6, 3:6, 10:4 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.
Екінші айналымда Путинцева мен Фернандес Д.Кравчик (АҚШ/К. Долхайд (АҚШ)) жұбымен ойнайды.