русский язык
Бокс

Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлік құрам толықтай қызметтен кетті

Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлік құрам толықтай қызметтен кетті

Қазақстан бокс федерациясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

«Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады», делінген мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;