русский язык
Теннис

Жібек Құламбаева Сербияда камбэк жасап, турнирдің 7-ракеткасын жеңді

Жібек Құламбаева Сербияда камбэк жасап, турнирдің 7-ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы, 24 жастағы Жібек Құламбаева жекелей сында Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің – 306, осы жарыстың 7-ракеткасы, канадалық Карсон Брэнстинмен кездесті.

Матчты канадалық спортшы сәтті бастады – 6:3. Бұдан кейін Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:1, 6:3.

Тартысты өткен бәсеке 1 сағат 51 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 351-ракеткасы, тағы бір канадалық Виктория Мбоко немесе рейтингіде 431-сатыдағы франциялық Сара Цакаревичтің қай жеңгенімен шеберлік таластырады.

Ж.Құламбаева қазіргі сәтте WTA Live рейтингісінде 413-орынға көтеріліп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;