русский язык
Әлем футболы

«Реал» жазғы трансферлік мақсат ретінде тек Ляпортты қарастырып жатыр

«Реал» жазғы трансферлік мақсат ретінде тек Ляпортты қарастырып жатыр

«Аль-Наср» қорғаушысы Эмерик Ляпорт «Реалға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, француз қорғаушысы қазіргі трансферлік терезедегі «Реалдың» жалғыз мақсаты болып отыр.

Алайда, бұл ауысуға «Реалдың» бірнеше шарттары кедергі келтіруі мүмкін. Атап айтқанда, мадридтік клуб ойыншыдан Сауд Арабиясындағы 24 миллион еуро көлеміндегі жалақысын төмендетуді талап етеді.

Сондай-ақ, «Реал» футболшыдан қазіргі басшылығын оны тегін жіберуге көндіруін қалайды.

Ойыншының өзі өткен маусымда Сауд Арабиясындағы өмір сүру жағдайына риза еместігін білдірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;