русский язык
Басқа

Париж-2024: қай елдер Олимпиада медалін алғаш рет жеңіп алды

Париж-2024: қай елдер Олимпиада медалін алғаш рет жеңіп алды

Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына 200-ден аса ел қатысып, соның ішінде 84-і ғана жүлдеге ілікті. Олардың арасында алғаш рет Олимпиада медалін иеленген 4 мемлекет бар, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

1. Албания Париждегі дода Албания құрамасы үшін оныншы жазғы Олимпиада болды. Бұл елден биылғы Олимпиадаға 8 спортшы қатысты. Тегі осетин балуан Чермен Валиев Албания құрамасына ел тарихындағы алғашқы Олимпиада медалін алып берді. Ол еркін күрестен 74 кг салмақ дәрежесінде қола жүлде иеленді. Сондай-ақ Албания намысын қорғаған шешен балуаны Ислам Дудаев та еркін күрестен қола медаль еншілеп, қоржынға екінші жүлдені салды.

2. Сент-Люсия Бұл ел 1996 жылдан бері жазғы Олимпиадаға қатысып келеді. Париж бәсекесінде жеңіл атлет Жулиен Альфред алтын медаль жеңіп алып, Сент-Люсияға алғашқы Олимпиада медалін сыйлады. Ол 100 метр қашықтықты 10,72 секундта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Сондай-ақ Альфред 200 метрге жүгіру сайысында күміс жүлде иеленді. Жулиен Альфред.

3. Кабо-Верде Париж Олимпиадасы Кабо-Верде үшін сегізінші жазғы Олимпиада болды. Бұл елден 7 спортшы ел намысын қорғады. Бокстан 51 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид де Пина жартылай финалда өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңіліп, қола жүлде еншіледі. Осылайша, Кабо-Верде тарихындағы тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды.

4. Доминика Доминика елі де сегізінші жазғы Олимпиадасында алғашқы жүлдеге ие болды. Жеңіл атлет Теа Лафон үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы сында алтын медаль жеңіп алды. Ол 15,02 метр биікке секіріп, ең үздік нәтиже көрсетті. Доминика командасы биылғы Олимпиаданы бір жүлдемен аяқтап, жалпы есепте 62-орынға жайғасты. Теа Лафон.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады. Бұл еліміз үшін сегізінші жазғы Олимпиада болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;