русский язык
Футбол

УЕФА Конференция лигасы: «Астана» — «Корвинул» матчының тікелей трансляциясы

УЕФА Конференция лигасы: «Астана» — «Корвинул» матчының тікелей трансляциясы

Алматыда Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны өтеді, оның аясында «Астана» румыниялық «Корвинул» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» - «Корвинул» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталып, «Ел арна» телеарнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 8 тамыз күні Румынияның Сибиу қаласында өткен алғашқы кездесу 2:1 есебімен астаналықтардың жігерлі жеңісімен аяқталған болатын. Антонио Манолакейдің голына қонақтар Усман Камара мен Джеффри Чинедудың екі голымен жауап берді.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанның еуропалық додаларда тағы бір өкілі бар: «Ордабасы» да Конференция лигасында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;