русский язык
Теннис

Қазақстандық жас теннисші Словениядағы турнирдің іріктеу сындарынан сәтті өтті

Қазақстандық жас теннисші Словениядағы турнирдің іріктеу сындарынан сәтті өтті

Словенияның Марибор қаласында ITF World Tennis Tour M25 турнирінің іріктеу сайыстары мәресіне жетті.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі, 19 жастағы Максим Батютенко алдымен аустралиялық Джер Стейлиді тізе бүктірді – 6:3, 7:5.

Содан кейін Максим словениялық Мех Ветрихті қапы қалдырды – 6:4, 6:3.

Батютенко іріктеу сайыстарының финалында тағы бір словениялық Вал Уранкардан айласын асырды – 6:3, 7:5.

Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған М.Батютенко алғашқы айналымда корт иесі Ник Миковичтен өтуге тырысады.

Максим жасөспірімдер арасында өткен жылы ITF Juniors рейтингісін 50-орынмен қорытындылаған болатын. Қазіргі кезде қазақстандық теннисші Хорватияда Игорь Зорин мен Александр Карпенконың қоластында жаттығуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;