Жозе Моуриньо баптайтын «Фенербахче» Чемпиондар лигасынан шықты
![Жозе Моуриньо баптайтын «Фенербахче» Чемпиондар лигасынан шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/203991_7a63ceff2ec8390d57d78b5c7a3cdc27.webp?v=28729338)
13 тамызда Чемпиондар лигасының 3-ші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі «Фенербахче» мен «Лилль» арасында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Ойындағы алғашқы голды 90+1-минутта Бафоде Диаките соқты (Лилль автоголы).
Қосымша уақытта «Лилль» ойыншысы Джонатан Дэвид 118-минутта пенальтиден есепті теңестірді.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші ойында «Лилль» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.