русский язык
ММА

Аты аңызға айналған файтер UFC-де сыбайлас жемқорлық бар екенін меңзеді

Аты аңызға айналған файтер UFC-де сыбайлас жемқорлық бар екенін меңзеді

Аты аңызға айналған UFC чемпионы канадалық Жорж Сент-Пьер қашан да файтерлерді тыйым салынған препараттарға барынша мұқият тексеруді талап етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сент-Пьердің Тео Вонмен сұхбатынан: «UFC енді USADA-мен (Америкалық допингке қарсы агенттік) бір бағытта емес. Менің түсінуімше, олар басқа ұйымды жалдаған. Мәселе кімнің кімді бақылауында. Өйткені, егер сіз шынымен жемқорлықтан аулақ болғыңыз келсе, допинг ұйымы сізге бағынбайтынына көз жеткізуіңіз керек. Егер допинг сынамасын жүргізетін ұйымға сөзіңіз өтетін болса, бұл жемқорлыққа әкеледі. Дәлірек айтсақ, бұл жемқорлық».

Еске салайық, USADA-ның UFC-ден кеткені өткен жылдың қазан айында белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;