русский язык

Қазақстандық футболшы испаниялық клубпен келісімшартқа отырады

Қазақстандық футболшы испаниялық клубпен келісімшартқа отырады

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов Испанияның үшінші күшті дивизионында өнер көрсететін «Менсахерамен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

Келісімнің мерзімі белгісіз. Анкудинов «Менсахерамен» бір апта сынақтан өткеннен кейін келісімшартқа отырады.

Бұған дейін Анкудинов мәскеулік «Родина-2», молдавиялық «Шериф», армениялық «Ван», литвалық «Джюгас» және беларусьтік «Днепр» командаларында ойнаған. 21 жастағы футболшы Молдова кубогының екі дүркін жеңімпазы және Молдованың екі дүркін чемпионы. Анкудиновтың 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы сапында үш кездесуі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;