русский язык
Хоккей

ҚХЛ бұрынғы ойыншысының қазақстандық клубтағы жалақысы белгілі болды

ҚХЛ бұрынғы ойыншысының қазақстандық клубтағы жалақысы белгілі болды

«Металлургтың» бұрынғы шабуылшысы, қазақстандық «Арланға» ауысқан Андрей Чибисовтың жалақысы бір маусымда 3 миллион рубльді құрайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2023 жылғы маусымаралық кезеңде Чибисов «Тракторға» ауысты, бірақ медициналық себептерге байланысты Челябинск командасында ойнамады. Тамыз айында «Арланмен» келісімшарт жасасты.

Бұған дейін Чибисов «Югра», «Ак Барс» және «Металлург» командаларында ойнаған, жалпы ҚХЛ-да 445 кездесу өткізіп, 182 (81+101) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;