русский язык
Бокс

Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына ағалары ат мінгізді (видео)

Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына ағалары ат мінгізді (видео)

Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлына жақындары қолдау білдіріп, оған ат мінгізді. Олар спортшының алар асуы әлі алда екеніне сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұхамедсабыр Базарбайұлының ағасы Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, достары інісіне ат сыйлағанын хабарлады. Бейнежазбада бір топ ер азаматтың боксшыға атты табыстап жатқанын көруге болады.

«Ассаламағалейкум! Жеңісте де, жеңілісте де, әр қашанда қолдап жүрген достарыма үлкен рақмет! Ініміздің еңбегін бағалып, ат мінгізді! Құдай қаласа бұл тек бастамасы! Алға», - деп жазды спортшының ағасы Эмиль Оморов.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;