русский язык
Единоборства

Демеу Жадыраев пен бапкерінің биі көпшілікті тәнті етті

Демеу Жадыраев пен бапкерінің биі көпшілікті тәнті етті

Желіде грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың билеген видеосы тарады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Видеода грек-рим күрес шебері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовтың ерекше биін көруге болады. Кейіннен белгілі болғандай, бұл ешқандай би емес, Боранбек Қоңыратовтың кезінде шәкіртіне дене қыздыру үшін арнайы дайындаған жаттығуы екен. Сол уақыттағы шақты еске алып, бапкері мен шәкірті осы жаттығуды қайталады.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, спортшының керемет билейтінін жарыса жазып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;