русский язык
Әлем футболы

Әзербайжандық футболшы «Барселонаға» ауысты

Әзербайжандық футболшы «Барселонаға» ауысты

Әзербайжандық қақпашы Эльдар Тагизаде испаниялық «Барселонаның» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың X әлеуметтік желісіндегі парақшада хабарланды.

21 жастағы футболшымен келісімшарт 2026 жылдың жазына дейін жасалған. Спортшы каталондықтардың екінші командасында өнер көрсетеді.

Эльдар Тагизаде Әзербайжанның «Нефтчи» футбол клубының түлегі. Сонымен қатар, ол Барселонаның «Марсет» академиясында, франциялық «Клермонның» екінші командасы мен Испанияның бесінші күшті дивизионындағы «Польворин» командасында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;