русский язык
Басқа

Қазақ бапкер баптайтын таеквондошы Олимпиада чемпионы атанды

Қазақ бапкер баптайтын таеквондошы Олимпиада чемпионы атанды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтыратын таеквондошы чемпион атанды.

Нақтырақ айтсақ, бүгінгі таңда қазақстандық Есбол Сұлтанов Тунис елінің таеквондо құрамасында бас бапкер болып қызмет етіп жүр. Кеше сол қазақ азаматы баптайтын Тунис таеквондошысы 80 келі салмақта Париж Олтмпиадасының чемпионы атанды.

Тунистік Фирас Катоуси финалда Иран өкілін жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл Тунис елінің тарихындағы осы спорт түрінен алғашқы алтын жүлде.

Есбол Сұлтанов спортшы ретінде 2007 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатында, 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында және 2007 жылы Бангкокта өткен жазғы Универсиадада ел намысын қорғаған болатын. Ол 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, таеквондодан Тунис құрамасының бас бапкері қызметін атқарып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;