русский язык
Басқа

Олимпиада-2024: Елена Потапенко жартылай финалда өнер көрсетті

Олимпиада-2024: Елена Потапенко жартылай финалда өнер көрсетті

Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан жартылай финалдық бәсекеге қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда спортшылар 200 метрге еркін әдіс арқылы жүзу, конкур (атпен шабу), семсерлесу және лазер-ран (жүгіру, оқ ату) сайыстары бойынша бақ сынады. А тобының жартылай финалдық бәсекесінде жалпы саны 18 спортшы шеберлік байқасты. Финалдық кезеңге үздік нәтиже көрсеткен 9 спортшы жолдама алады.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы рейтингтік раундта Елена Потапенко 36 спортшының ішінде 27-орынға тұрақтады. Ол 15 рет жеңсе, 20 мәрте жеңіліп, 200 ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;