русский язык
Бокс

Олимпиадада басы дауға қалған Алжир боксшысы мәлімдеме жасады

Олимпиадада басы дауға қалған Алжир боксшысы мәлімдеме жасады

Гендерлік сынаққа байланысты басы дауға қалған Алжир боксшысы Иман Хелиф Париж Олимпиадасында алтын медаль алғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өте қуаныштымын. Сегіз жыл бойы бұл менің арманым болды, ал қазір Олимпиада чемпионымын. Сегіз жыл бойы ұйықтамай дайындалып, осы жеңіс үшін жұмыс істедім », - деді Хелиф.

Айта кетейік, 66 келіге дейінгі салмақтағы финала Хелиф төрешілер шешімімен қытайлық Ян Люді жеңген болатын.

Ал 1/8 финалда 25 жастағы Хелиф италиялық Анжела Кариниді жарыс жолынан шығарды. Ширек финалда венгриялық Анна Лука Хамориден басым түссе, жартылай финалда Таиланд өкілі Джажаем Суваннафаенгті жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;