русский язык
Велоспорт

«Астана» шабандозы «Бургоса Вуэльтасының» қорытындысы бойынша топ-20 қатарына енді

«Астана» шабандозы «Бургоса Вуэльтасының» қорытындысы бойынша топ-20 қатарына енді

Испанияның Бургос провинциясының жолдарында өтіп жатқан «Бургоса Вуэльтасы» көпкүндік веложарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтық кезеңнің жеңімпазы чехиялық шабандоз Павел Битнер атанды. Екінші орынды италиялық Джакомо Ниццоло иеленді. Үздік үштікті испаниялық спортшы Иван Гарсиа Кортина түйіндеді.

«Астананың» голландиялық шабандозы Иде Схелкинг мәреге 16-болып келді. Ал бүкіл жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары арасындағы ең үздік нәтижені италиялық Лоренцо Фортунато көрсетті. Ол 19-орынға ие болды.

Бургоса Вуэльтасы. Бесінші кезең. Фриас - Кондадо де Тревиньо. 156 км

1. Павел Битнер (dsm-firmenich PostNL) — 3:24:28

2. Джакомо Ниццоло (Q36.5)

3. Иван Гарсия Кортина (Movistar)

16. Иде Схеллинг («Астана»)

Жалпы есеп:

1. Сепп Кусс (Visma) — 15:09:06

2. Макс Пул (dsm-firmenich PostNL) +0:05

3. Финн Фишер-Блэк (UAE Team Emirates) +0:34

19. Лоренцо Фортунато («Астана») +1:30

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;