русский язык
Басқа

Таэквондошыларымыз неге жеңілді?

Таэквондошыларымыз неге жеңілді?

Жарыстан кейін таеквондодан Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Нұрсұлтан Мамаев спортшылардың айқастарына тоқталып өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бірінші жекпе-жегімізді сәтті бастап едік. Екінші айналымда ұтылып қалдық. Көріп отырғандарыңыздай, Батырхан Төлеуғали тым жас спортшы. Ол мұндай үлкен ареналарды әлі көрмеген. Жақында Симоне Алессиомен кездесіп, терезесі тең өнер көрсеткен болатын. Өкінішке қарай, бүгін есе жіберді», - деді жаттықтырушы Нұрсұлтан Мамаев.

Сондай-ақ, 58 келіде ел намысын қорғаған Самирхон Абабакиров туралы да айта кетті.

«Самирхон Абабакиров бұл Олимпиадаға алтын алады деп келгенбіз. Себебі, оның ең басты қарсыласы италиялық спортшы болатын. Соңғы Олимпиаданы, әлем чемпионатын, Еуропа біріншілігін жеңіп алған атлет сол еді. Самирхонды жеңілді деп айта алмаймын. Соңғы секундтар ғана шешіп кетті. Оның қалай айқасқанын көрдіңіздер. Тәжірибесі де, шеберлігі де жоғары. Бұл жігіттерді келесі Олимпиадаға дайындаймыз», - деді Мамаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;