русский язык
Командалық

Ескек есуден Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетті

Ескек есуден Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетті

Париж Олимпиадасында каноэде 500 метрге жұптасып ескек есуден әйелдер арасында А және В тобының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

В тобында сынға түскен отандастарымыз Мария Бровкова мен Руфина Искакова мәреге үшінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші - 1:57.58 секунд. Нәтижесінде Қазақстан командасы жалпы есепте 11-сатыдан көрінді. Айта кетейік, бұл біздің Мария мен Руфина үшін алғашқы Олимпиада.

Бұл сайыста Қытай спортшылары чемпион атанса, Украина күміс, Канада қолаға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;