русский язык
Бокс

Өзбек пен қырғыз боксшысы Олимпиада финалында кездеседі

Өзбек пен қырғыз боксшысы Олимпиада финалында кездеседі

Өзбекстандық боксшы Абдумалик Халоков Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбдімәлік Халоков жартылай финалда австралиялық Чарли Сениорды жеңді.

Финалда Халоков қырғызстандық Мұнарбек Сейітбек Уулумен кездеседі.

Осылайша, жартылай финалға өткен бес өзбек боксшысының барлығы да финалға жолдама алды, бұл Өзбекстан құрамасы үшін айтарлықтай жетістік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;