русский язык

«Ордабасы» бас бапкері бүгінгі жеңіліс жөнінде сұхбат берді

«Ордабасы» бас бапкері бүгінгі жеңіліс жөнінде сұхбат берді

«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев «Пюниктен» жеңілгеннен кейін сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportplustv.kz сайтына сілтеме жасап.

- Біз ойлағандай қиын матч. Өкінішке қарай, біз осы матчта жеңілдік, бірақ ештеңе бітпеді. Матч гол соққанға дейін жеңіл өтті. Бізге гол соғу қиын. Біз еурокубоктарда көп голдарды жіберіп алудамыз. Әзірге мұндай қарапайым қателіктердің нақты себебі неде екенін айту қиын. Біз әрі қарай жүретімізге сенеміз.

- Бірінші таймдағы есепке алынбағын гол матчтың одан әрі жақсы өтуіне қатты әсер етті ме?

- Ол әрине әсер етті, бірақ егер әр есепке алынбаған голдарға осылай әрекет етсек, онда ойнаудың қажеті жоқ. Біз сапалы бірінші тайм өткіздік. Еурокубоктардағы ұсақ-түйек қателік қатты әсер етеді. Бізде гол соғуға деген фобия бар. Бұл психологиялық тұрғыдан қатты әсер етеді. Ауысымдар мен қалағандай жұмыс істемеді. Екінші таймды терең позициялық шабуылда өткізді. Бірақ қарсылас бізге аз мүмкіндік берді.

- «Пюник» сізді таң қалдыра алды ма?

- Таң қалдырмады. Бәрі біз ойлағандай болды. Олар гол өткізіп алмауға жұмыстанды. Гол соққаннан кейін уақыт созумен айналысты. Алаңға медициналық көмек көп шықты. Бұл ойынның жүруіне кері әсер етті. Бұл тактика болса, мен бұл тактиканы қолданбаймын. Қонақтағы ойында жеңіп жатсақ та бұндай тактика қолдаймыз деп уәде бере аламын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;