русский язык
Бокс

Әйгілі украиналық боксшы Олександр Хижняктың жеңісі туралы айтты

Әйгілі украиналық боксшы Олександр Хижняктың жеңісі туралы айтты

Киев мэрі және бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы Виталий Кличко украиналық боксшы Олександр Хижняктың 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы жеңісі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

«Олександр Хижнякты бокстағы олимпиадалық алтынымен құттықтаймын. Біз қолдадық, сендік, мақтан тұтамыз. Олександр бокстың ең жақсы қасиеттерін көрсетті: күш, шыдамдылық және мықтылық. Үш жыл бұрын Токиода ол күмісті жеңіп алды. Париж Олимпиадасында ол алтын алды. Украина жеңімпаз. Мұны біздің спортшылар да дәлелдейді. Украинаға даңқ»,-деп жазды Кличко өзінің Telegram арнасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте Хижняк қазақстандық Нұрбек Оралбайды төрешілер шешімімен жеңіп, 2012 жылдан бері Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы украиналық боксшы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;