Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші болып жетті
![Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші болып жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/201131_3f8f0979f7c4a322798d9c70d6f45b18.png?v=28728507)
Париж Олимпиадасында каноэде 500 метрге ескек есуден ерлер арасында А және В тобының финалы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшылары Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші - 1:46.75 секунд. Осылайша, олар жұптық сынды жалпы есепте 11-сатыда аяқтады. Алтын Қытай, күміс Италия, қола Испания құрамасында.
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров осымен екінші рет Олимпиадаға қатысты.
Фото: Владислав Семенов.