Иван Дычконың келесі жекпе-жегі өтетін күн мен орны белгілі болды
![Иван Дычконың келесі жекпе-жегі өтетін күн мен орны белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/201736_ceb580a2d185b08dbc70238372bbd368.jpeg?v=28729093)
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко (13-0, 12 КО) ұзақ уақыттан кейін рингке оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Дычконың келесі жекпе-жегі ProBox-тың келесі шоуы аясында 21 тамызда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді.
Иванның қарсыласы америкалық Крейг Льюис (15-7-1, 8 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Иван Дычко кейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың маусымында Буэнос-Айресте өткізіп (Аргентина) жергілікті боксшы Ариэль Эстебан Бракамонтені (13-11-7 КО) нокаутқа түсіріп, WBA Fedecaribe титулын жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, Дычко 2019 жылдың шілдесінен бастап штаттарда бес жыл бойы жекпе-жек өткізген жоқ.