Қазақстандық теннисші Канададағы турнирдің 1/8 финалына шықты
![Қазақстандық теннисші Канададағы турнирдің 1/8 финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/201736_779bc5f24458cba0e73a2cc140c92430.webp?v=1723098843237?v=28728741)
Қазақстандық теннисші Анна Данилина чехиялық Мария Боузковамен бірге, Торонтода (Канада) өтіп жатқан WTA турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойында Анна мен Мария венгриялық Тимеа Бабош пен украиналық Надежда Киченокты екі сетте – 1:6, 5:7 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды.
Айта кетейік, 28 жастағы Данилина қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жұптық сайыста 47-орында тұр, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы ең жақсы нәтиже.