русский язык
Командалық

АҚШ-тың баскетболдан әйелдер құрамасы олимпиаданың жартылай финалына шықты

АҚШ-тың баскетболдан әйелдер құрамасы олимпиаданың жартылай финалына шықты

АҚШ-тың баскетболдан әйелдер құрамасы Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Ширек финалда америкалықтар Нигерия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ командасы төрт тоқсанның үшеуінде жеңіске жетті. Тек соңғы ширекте ғана нигериялық баскетболшылар ұпай айырмасын 14-ке дейін қысқарта алды.

АҚШ құрамасы жартылай финалда Австралиямен ойнайды. Басқа ойында Франция Бельгиямен кездеседі. Екі кездесу де 9 тамызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;