русский язык
Әлем футболы

АПЛ жұлдызы «Әл-Насрға» барып, Роналдумен жолықты

АПЛ жұлдызы «Әл-Насрға» барып, Роналдумен жолықты

«Манчестер Сити» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының базасына барды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Екінші Тайм» сайтына сілтеме жасап.

Онда норвегиялық ойыншы команданың португалиялық жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті. Сондай-ақ, Англия Премьер-лигасының жұлдызы сенегалдық Садио Мане және клубтың спорт директоры Фернандо Йерромен сөйлесті.

Айта кетейік, «Манчестер Сити» жаңа маусымды 10 тамызда «Манчестер Юнайтедке» қарсы Англия Суперкубогы матчымен бастайды.

Еске салайық, Холанд «Манчестер Ситиде» 2022 жылдан бері ойнап келеді. Англия клубының құрамында 66 матч өткізіп, 63 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;